Ұзаққа созылған «Челябі-Новосібір» тасжолындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Жыр болған «Челябі-Новосібір» республикалық тасжолының Петропавлдан Қорған шекарасына дейінгі аралығын жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады. Шаруа 2017 жылы басталған еді. Алайда, мердігерлердің жауапсыздығынан іс тоқтап, биыл ғана жанданды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жолды жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Соның 3,5 млрд-ы биыл жұмсалмақ. Жалпы, Мамлюткадан «Жаңа жол» бекетіне дейінгі 56 шақырым жол жаңартылуы тиіс. Қазір бұл іске «ҚазСтройТехник» ЖШС кірісті.

«Бүгінгі таңда 14 км жолға жабынның төменгі қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді, енді 16 км қалды. Қазіргі уақытта негізгі жолдың төсемін салу және айналма жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы шаруа аяқталуы тиіс. Жұмыстың уақытылы атқарылуын бақылауға аламыз», – дейді «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының төрайымы Алтын Сағитова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 14 жасар қызды өгей әкесі зорлаған 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x