СҚО-да «Кибер-шериф» жүйесі іске қосылды

Солтүстік Қазақстанда патрульдік автокөліктерге жаңа «Кибер-шериф» жүйесі орнатыла бастады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тлшісі.

«Кибер-шериф» қондырғысы бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін бейнебақылау жүйесі. Патрульдік көлікке орнатылған әр кешенде 8 бейнекамера бар. Шолу аумағы 360 градус, сонымен қатар көлік салонында болып жатқанның барлығын аудио және бейне жазбаға түсіріп алуға қауқарлы. Бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі. Құқық бұзушыларға хабарламалар жіберіледі. Бұл ретте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кешеннің жұмысына араласпайды, бірақ камералардың жұмысының барлық нәтижелері планшеттерге келіп түседі. «Кибер-шерифтің» басты ерекшелігі – оқылмайтын, көрінбейтін мемлекеттік нөмірлерді қашықтықтан тану, ұрланған көліктерді немесе борышкерлердің темір тұлпарларын тіркеу. Сондай-ақ бұл кешен қарсы келе жатқан машиналарда сақтандыру полисінің және техникалық байқаудың өтуі туралы куәліктің бар-жоғын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

«Кибер-шериф» деп аталатын екі жаңа кешен облысымыздың көлік қозғалысы көп жолдарында 30 қазан күні шықты. Бұл қондырғылардың мүмкіндіктерін қазіргі құбылмалы ауа райында тексеріп көре аламыз. Қазіргі уақытта олар тесттік режимде жұмыс істеуде және бұл жүйе өз жұмысын жақсы орындап жатыр деп айтуға болады», – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы Қарақамыс ауылы ауыз судан тарығып отыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x