СҚО-дағы Қарақамыс ауылы ауыз судан тарығып отыр

Солтүстікқазақстандықтардың 60 пайызы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылмаған. Солардың бірі – Айыртау ауданының Қарақамыс ауылының тұрғындары. Жалпы, өңірде Қарақамыс секілді тіршілік нәрінен тарыққан 220 ауыл бар. 42 мыңға жуық тұрғын суды көршілес елді мекендерден тасып ішеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қарақамыс ауылының тұрғындары  бірнеше жылдан бері техникалық суды тұтынып келеді. Былтыр бюджеттен қаражат бөлініп, ұңғыма қазылды. Алайда су көзі табылмапты. Биыл қайтадан құдық қазуға байқау жарияланып, жаңа мердігер анықталған. Алайда еш нәтиже жоқ. Ауыз суды күтіп, тұтас ауыл отыр. Тұрғындардың айтуынша, ескі құдықтың сүзгісі әлдеқашан істен шыққан. Суды тұндырмай ішу мүмкін емес.

СҚО-дағы Қарақамыс ауылы ауыз судан тарығып отыр

«Осындай лас суды екі-үш жылдан бері тұтынып келеміз. Бұл мәселені жоғардағылар білмейді емес, біледі. Талай рет айтылды. Бірақ еш нәтиже болмай отыр», – дейді Қарақамыс ауылының тұрғыны Құрманғазы Жахин.

Сапасыз ауыз су денсаулықты құртты дейді көпшілік. Бүйрегіне тас байланып операция жасатқандар көбейген. Солардың бірі – Дәмеш Аяғанова.

«3 күн реанимацияда жаттым. Мұның бәрі судан. 2-3 күнде бір тазаламасаң, шәйнек таттанады да қалады», -дейді Дәмеш Аяғанова.

СҚО-дағы Қарақамыс ауылы ауыз судан тарығып отыр

Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы құдықтың іске қосылғанына жарты ғасырдан асқан. Адам да, мал да суды осы құдықтан ішеді. Әкімдіктен көмек болмағасын халық сорғыны бірнеше рет өз күшімен ауыстырған. Өткен қыста апталап сусыз қалған күндер де болыпты. Жоспар бойынша тұрғындар былтыр сапалы ауыз сумен қамтылуы тиіс еді. Бұл мақсатқа 4 млн теңге бөлінген.

СҚО-дағы Қарақамыс ауылы ауыз судан тарығып отыр

«Қостанайдың бір фирмасы келді. Екі жерден қазып, олар суды таба алмады. Сосын біз сол ақшаны қайтадан бюджетке қайтардық. Осы жылы қазуды жаңадан бастадық. Алайда, жауапты компанияның техникасы сынып қалды. Олар  осы жұмада келіп қазуға уәде берді», – деді Сырымбет ауылдық округінің әкімі Дулат Сүлейменов.

Тағы оқыңыз:СҚО-да заңсыз айналымнан 8 мың литрге жуық алкоголь алынды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x