[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-22-at-14.23.35-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»]

СҚО-да түнде жауған жаңбыр көктайғаққа айналып, өңірде жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар автожолдар жабылды. Облыс орталығында автобустар бағытқа кеш шықты, деп хабаралйды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көктайғақ салдарынан өңірде 22-ші ақпан сағат 11:00-ден бастап жүк көліктеріне республикалық маңызы бар автожолдарда жүруге шектеу қойылды. Тағы бүгін СҚО-да мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтықтан оқу режиміне ауыстырылды. Бұдан бөлек, облыс орталығында қоғамдық көліктер бағытқа кеш шықты. Қазір апатты жағдайларды болдырмау үшін коммуналдық қызметтер іске кіріскен. Олар қала көшелеріне құм-тұз қоспасын төсеп жатыр. Бұл жұмысқа 50-ден аса техника жұмылдырылды.

«Ең алдымен Заречный, Жұмысшы кенттері және Ойқала, Жас Өркен ықшам ауданындағы көпір мен оған көтерілетін және түсетін жолдарға, магистральді жолдар мен жаяу жүргіншілер жолақтарына құм-тұз қоспасы төселді. Қазір жұмыс жалғасуда. Шаруаны ертерек бастауға жауын-шашын кедергі келтіргенін айта кету қажет. Көктайғаққа байланысты қоғамдық көлік жұмысқа кеш кірісті. Қазіргі уақытта 90-ға жуық автобус жұмыс істеуде», — дейді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x