СҚО-да иісшіл ит темір пештің астына жасырылған есірткіні тапты

СҚО-да қызметтік иттер 100 келіден астам есірткіні тәркілеуге көмектескен. Кинологиялық орталық қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Осы жылдың мамыр айында Бэлла атты лабрадор иті жеке үйді тінтуге көмектескен. Ол өсімдік тектес затпен полимерлі пакеттер жатқан жерді дәл тапқан. Әрі аулада тұрған ескі темір пештің астында жасырылған пакетті тауып берді. Сараптама тәркіленген заттардың салмағы 6 келіден асатын марихуана және салмағы 49 грамм болатын гашиш екендігін көрсетті.

«Бүгінгі таңда СҚО-да 50 қызметтік-іздестіру иті қылмыспен күресуге көмектеседі. Оның 22-сі кинологиялық қызмет орталығында, қалғандары қалалық басқармада және аудандық полиция бөлімдерінде. Әрқайсысы жеке “бағдарлама” бойынша оқытылған: із жұмыстары, одорологиялық сараптама, есірткі заттарын іздеу және т.б. 9 ай ішінде 373 жағдайда қызметтік-іздестіру иттері ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды ашуда қолданылды. Қызметтік иттерді пайдалану арқылы 281 қылмыс, оның ішінде 121 ұрлық ашылды», – дейді СҚО ПД КҚО бастығы Самат Төлебаев.

Тағы оқыңыз: Жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру ережесі өзгерді

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x