СҚО-да биыл 3 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

Биыл 3321 солтүстікқазақстандық оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қадам баспақ. Бүгіндері олардың алғашқы легі ҰБТ тапсырып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуға 2 мыңнан астам түлек өтініш білдірген. Жалпы 2024 жылы талапкерлер бұл мүмкіндікті 5 рет пайдалана алады. Оның екеуі грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік берсе, қалған үшеуі арқылы ақылы оқуға түсуге болады.  Сынақ қаңтардың 16-сы мен ақпанның 9-ы аралығында өтеді. Тестілеу Ғ. Мүсірепов ауданының Новоишимское қазақ орта мектебінде және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған.

«Бізде барлығы 1802 бала ҰБТ тапсырады. Күнде 40-50 оқушы тест тапсыруға келеді. Университетке келгенде олар бірден мәлімет алады. Айта кетейік, биыл университеттің өзіне арнайы екі мың грант беріп жатыр. Оқушылар ашылған жаңа мамандықтарымызға, сондай-ақ Аризона университетімен бірлескен қосдипломдық бағдарламаларымызға қызығушылық танытып жатыр», — деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанова.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тағы бір коммуналдық апат болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x