СҚО-да бірден бес ауданның прокуроры ауысты

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Солтүстік Қазақстанда бес бірдей ауданның прокуроры ауысты. Тағайындаулар Есіл, Жамбыл, Шал ақын, Ақжар және Мағжан Жұмабаев аудандарында болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұйрыққа сәйкес Жалби Ғани Қуанышұлы Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры болып тағайындалды. 20 жылдық тәжірбиесі бар ол еңбек жолын 2003 жылы бастаған. 

«Кейін әр жылдары облыстық прокуратурада,  Айыртау ауданы прокуратурасында қызмет атқарған. Бір кездері Ғ. Мүсірепов атындағы аудан прокурорының орынбасары, Петропавл қаласы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2021 жылғы мамырдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымын атқарды», — деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл күні Ақжар ауданының да прокуроры тағайындалды. Енді бұл қызметті Талғат Төлегенов атқармақ. Талғат Көшкімбайұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облысы прокуратурасында жетекші маман болып бастады.

«2009 — 2019 жылдар аралығында Алматы облысының прокуратура органдарында, Талдықорған қаласы прокурорының орынбасары, Алматы облысының Райымбек, Кеген аудандары прокурорының орынбасары болып қызмет істеген. Ал 2019 жылғы тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының прокуроры лауазымын атқарған», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Талғат Төлегеновтың прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Есіл ауданының прокуроры да ауысты. Енді мұнда Талғат Салпықов жетекшілік етеді. Оның да прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылды құрайды.

«Салпықов Талғат Есләмұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2002 жылы Айыртау ауданы прокуратурасында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және ақпараттандыру орталығының бас маманы лауазымынан бастаған. 2005-2019 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында, Тимирязев ауданының прокуроры болып қызмет істеген. 2019 жылғы шілдеден бастап Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының прокуроры лауазымын атқарған», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Ал 2019 жылдан бастап Ақжар ауданының прокуроры болған Асылбек Қатренов Жамбыл ауданына ауысты. 22 жылдық жұмыс өтілі бар маман еңбек жолын 2001 жылы Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

СҚО-да бірден бес ауданның прокуроры ауысты

«2009-2019 жылдар аралығында прокурор, басқарманың аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы болып қызмет істеген», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Шал ақын ауданына да жаңа прокурор келді. Енді мұнда Нұржан Қожанов басшылық етпек. Әріптестеріне қарағанда еңбек өтілі аздау болса да ол бірқатар  жерлерде жұмыс істеп үлгерген.

СҚО-да бірден бес ауданның прокуроры ауысты

«Нұржан Бауыржанұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы прокуратурасында іс жүргізуші болып бастаған. 2012-2019 жылдар аралығында Петропавл қаласы мен Шал ақын, Тайынша аудандарында прокуратура органдарында еңбек еткен. 2019 жылғы мамырдан бастап Тайынша ауданы прокурорының орынбасары лауазымын атқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтіп жатыр

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x