Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөпірімдер және жастар арасында облыстық чемпионат бастау алды. Оған 80 оқушы қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Чемпионатқа 2003-2010 жылдар аралығындағы мектеп оқушылары қатысып жатыр. Олар қараша айында өткен жарыстың аудандық кезеңінде үздік деп танылғандар.

Петропавлда тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтіп жатыр
«Біз ұлттық спортты ары қарай дамытып, балалардың ойлау қабілетін арттырғымыз келеді. Тоғызқұмалақта әр ойыншыға 45 минут уақыт беріледі. Ойын аяқталып, жеңімпаз анықталмаса, қосымша тағы 5 минут уақыт қарастырылған. Қазір біздің өңірде тоғызқұмалақ ойыны жақсы дамып келеді», – дейді чемпионаттың бас төрешісі Марат Ақай.

Бүгінгі чемпионатқа Шал ақын, Қызылжар, Аққайың және Петропавл қаласының мектеп оқушылары қатысып жатыр.

«Тоғызқұмалақ ойнауды мен төртінші сыныпта үйрендім. Ойынға деген қызығушылығым ұстазым Серік Бекжановтың арқасында туды. Маған жақсы қолдау көрсетеді. Көп жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға да ие болдым. Осы чемпионатта да 1-ші орын алып мұғаліміміді қуантамын деген мақсатпен келдім», – дейді Аққайың ауданынан келген Аңсар Данияров.

Облыстық чемпионат екі күн өтеді деп жоспарланған. Сайыста үздік деп танылғандар наурыз айының 21-31 күндері аралығында Өскеменде өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x