СҚО-да балалардың қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жыл басынан бері өңірде балалардың қатысуымен 8 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан, кәмелетке толмаған бір солтүстікқазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір өңір полицейлері «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс жүргізуде. Ол мамырдың 15-і күні бастау алды. Бұл күндері мамандар жүргізушілермен кездесіп, жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір аптадан соң оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығады. Осы кезде апаттар саны арта түседі. Сондықтан полицейлер оқушылармен кездесіп, жолда жүру ережелерін түсіндірді.

«Қазір жолдарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Профилактикалық шараның 9 күнінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге басымдық бермеуінің 71 фактісі тіркелді. Көлік иелерінің 183-і қиылыстардан өту ережесін бұзған. Жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өткені үшін 190 тұрғын жауапқа тартылды», – деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: Астрахан ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x