Солтүстік Қазақстанда 26 мыңнан астам бала балабақшамен қамтылған. Бірақ әлі 3824 бала кезек күтуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО-да 457 балабақша бар. Алайда мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетспеушілік мәселесі өзекті. Проблема негізінен облыс орталығында орын алған. Сондықтан келер жылы Петропавлда тағы 2 балабақша салу жоспарланған.
«2024 жылы Петропавлда 420 орынға шақталған 2 балабақша салынады. Бұл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен балалардың 95 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», — деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриингте.