Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде -3 градусқа дейін төмендейді. Синоптик мамандар мамырдың 16-сы мен 18-не арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қазгидромет өкілдерінің мәліметінше, алдағы 3 күнде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, желдің екпіні күшейеді. Кейбір өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауыы мүмкін. Ал аққайыңдар өлкесінде сынап бағанасы төмендейді.
«16-18 мамыр күндері елімізде ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. Солтүстік Қазақстанда түнде 3 градусқа дейін аяз болуы ықтимал», — делінген синоптиктердің хабарламасында.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда дәрілік заттар таңбалануда