медицина

М. Қозыбаев атындағы СҚУ симуляциялық дағдыларды жаттықтыруға арналған 4 тренажер жеткізілді. Медициналық құрал-жабдықтарды оқу орнына «Kazakh medical center PVT» компаниясының директоры Фарух Шейх сыйға тартқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыдан 5 жыл бұрын Қозыбаев университетінің серіктесі «Kazakh medical center PVT» компаниясының директоры Фарух Шейх Үндістаннан алғашқы студенттерді Петропавлға оқуға шақырған болатын. Араға бірнеше жыл салып, ол оқу орнына симуляциялық дағдыларды жаттықтыруға арналған 4 тренажер жабдығын сыйға тартты. Аталмыш құрылғы ересектер мен балалардың жүрек-өкпе реанимациясына арналған. Енді студенттер құрылғыларды оқу барысында қолданып, жүрек соғысын дұрыс тыңдауды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрене алады. Сонымен қатар, Фарух Шейх студенттерге арнап 19 медициналық пәнді қамтитын ағылшын тіліндегі танымдық оқулықтар әкелген. Мейман іс-сапар барысында болашақ дәрігерлермен де кездесті. Айта кетейік, Қозыбаев университетінде осы жылы медицина мамандығының алғашқы түлектері түлеп ұшады. Бүгінде «Жалпы медицина» бағдарламасы бойынша 240-тан аса Үндістан азаматы білім алуда. Солардың 78-і биыл оқуды тәмамдайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауа температурасы түнде -3 градусқа дейін төмендейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x