Облыста 7 ауданның 55 ауылы әлі электр энергиясынсыз отыр. Жарық М.Жұмабаев, Аққайың, Тимирязев, Есіл, Қызылжар, Тайынша және Шал ақын аудандарында жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қараша күні өңірде болған ақ түтек боран салдарынан облыстың 183 ауылы жарықсыз қалып еді. Қазір электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеуге 46 авариялық бригада мен 180-нен астам техника жұмылдырылған. Жарық ертең сағат 15:00-ге дейін берілуі тиіс.
«Маңызды әлеуметтік нысандар бірінші кезекте резервтік қуатпен қамтамасыз етілді. Бірте-бірте электр қуаты қалпына келтіріліп жатыр. Қатты бораннан электр желілері үзіліп, кейбір жерлерде тіректер құлаған. Салдарынан аудан толығымен электр энергиясынсыз қалды. Бұл жағдай біздің бақылауымызда. Барлық елді мекеннің жарықпен қамтамасыз етілуін қадағалайтын боламыз», — деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.
Тағы оқыңыз:СҚО-да 7 мыңға жуық тұрғын әлі де жарықсыз отыр