Перинаталдық орталықта серіктестік босануға тыйым салынды

Облыстық перинаталдық орталықта серіктестік босануға және пациенттерге баруға уақытша тыйым салынды. Шектеу ЖРВИ, тұмау және қызылша ауруларының өршуіне байланысты енгізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шектеу 17 қарашадан бастап енгізілген. Ол эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін әрекет етеді.

«Карантин енгізілмеді, бірақ серіктестік босануға тыйым салынды, өйткені көпшілігі вакцинация паспортын көрсетпейді  және қызылшаға қарсы екпе алғандарын растай алмайды. Сондықтан облыстық преинаталдық орталық әкімшілігі уақытша шектеу енгізді», – дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасында перинаталдық орталық дәрігерінің қызылшаны жұқтыру жағдайы туралы түсініктеме берілді.

«Перинаталдық орталықта қызылшамен ауыру фактісі тіркелген жоқ. Дәрігердің ауырғаны рас, бірақ ол осы уақытта үйде болды. Пациенттермен байланыста болған жоқ», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 55 елді мекен 3 тәуліктен бері жарықсыз отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x