СҚО-да 160 адам алимент төлеуден қашып жүр

Өңірде алимент төлеуден қашып жүрген 160 адам бар. Олардың жалпы қарызы 246,9 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта алименттен жалтарып жүргендердің 14-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде алимент төлемеу мәселесі өте өзекті екен. Борышкерлердің 14-і қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 11-іне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Прокурорлар бұған дейін тоқтатылған 55 қылмыстық істің заңдылығын қарап, нәтижесінде 4 қылмыстық іс бойынша заңсыз процестік шешім жойылған. Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды дұрыс жібермегені үшін 5 сот орындаушысы әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Талқылау нәтижелері бойынша сот актілерін орындауға, мемлекеттік және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын арттыруға бірлескен іс-шаралар әзірленіп, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Тағы оқыңыз:Желге ұшқан қайран ақша! Петропавлда биыл жазда жөнделген 47 көшенің жетеуін қайтадан қалыпқа келтіру қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x