СҚО-да қатты аяз басталғалы тоғыз адамды үсік шалған

Жыл басталғалы 45 солтүстікқазақстандықты үсік шалған. Олардың тоғызы өткен аптада дәрігерлер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Облыста бір аптаға жуық уақыттан бері қыс қайта қаһарына мініп, аяз күшейді. Мамандардың айтуынша, мұндай күндері далада ұзақ жүру, ауа райына сай киінбеу, суықты елемеу үсік шалуға әкеп соғады. Сондықтан дәрігерлер сақтық шараларын барынша ескеру керек дейді. Көшеде жарақат алушылар саны да артқан.

«Жыл басынан бері ауруханаға жарақат алған 1304 адам келіп, қаралды. Негізінен медициналық орталыққа аяқ-қолы сынған науқастар түсіп жатыр. Жарақат бөлімінде оларға барлық тиісті ем-дом көрсетіледі. Тәулігіне орта есеппен 50-60 адамды дәрігерлер қарайды. Сондай-ақ 45 тұрғынды үсік шалған. Олардың тоғызы өткен аптада дәрігерлерге жүгінді», — дейді Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.

Тағы оқыңыз:СҚО-да демографияны жақсарту үшін түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды ұлғайту жоспарлануда

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x