СҚО-дағы жеті мектептің оқушылары тоқсандық қорытындылаудан босатылады

Су тасқынына байланысты Солтүстік Қазақстанның жеті мектебінде оқушылар ТЖБ, БЖБ тапсырмайды. Мұндай шешімді облыстық білім басқармасы шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі кезде облыс бойынша 53 мектептің 33 мыңнан астам оқушысы сабақты қашықтан оқып жатыр. Оның ішінде Петропавлдың 41 мектебі бар. Сонымен қатар Қызылжар, Тайынша және Тимирязев аудандарында бір-бір мектептен оқушылар аралас форматта оқуда. Себебі, 35 бала бұл білім ордаларына қатынап оқиды. Ал жолдарды су шайып кеткен. Петропавлда №12 орта мектепте орналасқан шағын орталық жұмыс істемейді. Өйткені, нысанды су басқан. Дәл осындай жағдай Ойқаладағы №14 орта мектепте де орын алды.  

«Су тасқыны кезінде Петропавлдағы № 12,13,14 орта мектептің оқушылары қауіпсіз жерге көшіріліді. Ол -911 оқушы. 13 бала эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр. Петропавл қаласындағы оқу форматына келер болсақ, егер санитариялық-эпидемиологиялық  басқарма мамандары су сынамасы жақсы, ішуге жарамды деп рұқсат хат жолдайтын болса, балалар мектепке барып оқитын болады. Қазір бізде балабақшаларда тамақ пісіргенде  бөтелкедегі және тасып әкелінетін суды пайдаланады», – деді СҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова.

Тағы бір жаңалық, ТЖБ, БЖБ жұмыстары мен мұғалімдердің аттестатциясына қатысты. Облыстық білім басқармасы мұғалімдердің сынағын тамыз айына шегеріпті. Ал облыстағы жеті мектептің оқушылары қорытынды жұмыстардан босатылады. Ол Қызылжар ауданындағы Болшая малышка, Озерный, Долматова, Соколовка орта мектептері және облыс орталығындағы 12,13,14 мектептер.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға көмекке келген құрқарушылар үйлеріне қайта бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x