СҚО әкімі: «Үйден су кетсе, бірден бағалау жүргізу қажет»

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Семиполатное, Бескөл, Большая Малышка ауылдарында болды. Өңір басшысы үйлерді аралап, зардап шеккен ауыл тұрғындарымен сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Семиполатное ауылының тұрғыны Дмитрий Фазыловтың үйі тұруға жарамсыз болып қалған. Сондықтан жергілікті диқан Ләззат Жакеева өзінің жұмысшысына сол ауылдан басқа үйді алып, қазір жөндеп жатыр.

СҚО әкімі: «Үйден су кетсе, бірден бағалау жүргізу қажет»

«Бізге су үйлердің аумағынан кеткен кезде тез арада мүлікке техникалық тексеру мен бағалау жүргізу қажет. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде аудандарда жүргізілуде. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының әкіміне ештеңені күтпей, су тартылған үйлерде тексеру үшін бағалау комиссияларын жылдам іске қосуды тапсырдым», – деді СҚО әкімі.

Егер комиссия үйді жөндеуді ұсынса, қалпына келтіру жұмыстары шұғыл түрде басталуы керек. Егер баспана өмір сүруге жарамсыз болса,  жаңа үй салынады немесе екінші нарықтан баспана сатып алынады.

Тағы оқыңыз:Көлікті тіркеу ережелері өзгерді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x