Көлікті тіркеу ережелері өзгерді

2024 жылғы 23 сәуір, яғни бүгіннен бастап көлікті тіркеу кезінде өзгерістер енгізілді. Енді мамандандырылған ХҚКО-лары міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

«Егер азамат қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады. Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады», -деп хабарлады жауапты мекеме.

Өзгерістер «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға Ингушетиядан гуманитарлық көмек келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x