Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Жаңа жылға дайындықты бастап кетті. Олар 2024 жылғы Президенттік шыршаға арналған жаңа жылдық сыйлықтарды (планшеттер) жарты жыл бұрын алып қойған. Оған 14 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасы маусым айының 30-ы күні 2024 жылы өтетін шыршаға арналған Президенттің жаңа жылдық сыйлықтарын (планшеттер) сатып алуға 14 285 714 теңге бөліп, тендер жариялаған. Баға ұсыну тәртібімен өткен тендердің қорытындысы 10 шілде күні шығып, жеңімпаз анықталмаған. Артынша, 15 шілде күні аталған лотты бір көзден «АрАй1216» компаниясы ұтып алды.
Тендердің техникалық сипаттамасында сыйлықтар шартқа қол қойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 60 үйге жеткізілуі керектігі көрсетілген. Сондай-ақ білім басқармасы бөлген 14 285 714 теңге қаржыға 200 дана планшет сатып алынған. Әр планшеттің құны – 71 428 теңге, 57 тиынды құрайды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Елім-ай» дастанына 300 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өтті