СҚО перинаталдық орталық Қазақстан бойынша үздік бестікке енді

Қыркүйектің 29-30ы күндері аралығында Астанада «пренаталды диагностиканың заманауи аспектілері» атты бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Өңірдің перинаталдық орталығы  пренаталдық диагностикадан елімізде үздік бестікке енді. Себебі, олыста  туа біткен ақаулар 2,5 есеге азайған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

СҚО пренаталдық диагностикадан еліміздегі үздік бестікке енді.Себебі, өңірде туа біткен ақаулар ультрадыбыстық зерттеулердің жақсаруына байланысты 2,5 есеге азайған. Мәселен өткен тоғыз айда өңірде орталық нерв жүйесінің ақауы бар нәресте тумаған. Дүниеге хромосомалық аурулар, мысалы, Даун, Эдвардс, Патау синдромы секілді ақаулары бар балалар сирек келетін болған. Өйткені бұл дерттер өте ерте кезеңде анықталады.

 «Біздің мақсат – өмірге дені сау баланың келуіне жағдай жасау. Тәуекел тобына жататындар анықталған жағдайда олармен әрі қарай жұмыс жүргізіледі, қосымша диагностикаға жіберіледі. Егер осыдан 10 жыл бұрын облыста Даун синдромы бар 12 бала дүниеге келсе, қазір олардың саны 3-5-еуден аспайды.»,-дейді облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық  цитогенетигі Елена Хомякова

Астана қаласында өткен іс-шараға 350-ден астам пренаталды медицина саласындағы мамандар, генетиктер, ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлері қатысып, клиникалық жағдайларға талдау жасап, тәжірибелерімен бөлісті.  Сондай-ақ олар ультрадыбыстық диогностика және медициналық-генетикалық көмек бойынша жаңа стандарттарды іске асыру саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды.

« Биыл елімізде халықаралық конгресс бірінші рет өтті. Конгресстің басты мақсаты – хромосомалық ауруларды, туа біткен ақауларды азайту. Мысалы, дауна, патау, эдварс сияқты ақауларды азайту және де туа біткен ақауларды азайту. Халықаралық конгресске әртүрлі елдерден мамандар келді.»я-дейді құрсақтағы нәрестені антенаталдық қорғау бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзира Аманқызы

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x