СҚО-ның жолдарында көктайғақтан 4 адам зардап шекті

Полицейлер маусымаралық кезеңде жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады. Сонымен қатар, қысқы шиналарға уақтылы өтуге кеңес береді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірімізде алғашқы қардың түсуімен жол-көлік оқиғалары көбеюі ықтимал. Сондықтан, полицейлер жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де барынша сақ болуға шақырады.

«Күрт тежеуге және күрт жүріп кетуге жол берудің қажеті жоқ — мысалы, жасыл шам жанған кезде, — деп бөлісті СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Григорий Тыш. — Екеуі де басқарудың шектен шығып кетуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салу сигналымен өту өте қауіпті. Сақ болыңыздар және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар».

Алғашқы қардың салдарынан жол-көлік оқиғасы да тіркелді. Өткен түні «Челябі-Новосібір» Республикалық маңызы бар автожолында 4 адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Тағы оқыңыз: Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың барлық аудандарын аралап шықты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x