Солтүстік Қазақстан облысында 635 елді мекен бар. Оның 125-інің халық саны 50 адамға да жетпейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Бұл туралы облыс әкімі Астана қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Аймақ басшысының сөзінше, облыстағы 39 ауылда 3-4 адам ғана тұрады екен.
«СҚО-ның көптеген ауылы халқы жағынан да, аумағы жағынан да талаптарға сай келмейді. Алайда, болашағы жоқ ауылдарға қатысты сұрақтарға біз өте мұқият қараймыз. Бұл мәселені біз ауыл тұрғындарымен, кәсіпкерлермен бірлесіп қарастыратын боламыз», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.