СҚО-да төрт колледжді зейнеткерлер басқарып отыр  

Солтүстік Қазақстанда білім саласында 384 зейнетке шыққан жандар жұмыс істеп жүр. Олардың арасында ерлер де, әйелдер де бар. Ең жасы үлкен маман 70 жаста, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

 Зейнеткер педагогтардың арасында мұғалімдер де, директорлар да бар. Мысалы, 13 білім саласының ардагері жалпы білім беретін мектепті басқарса, төртеуі колледждарды басқарып жүр.

«Зейнет жасындағы пелагогтардың еңбек тәжірибелері мол. Олар балалармен жұмыс істеуде өз әдістерін пайдаланады, мектеп жасына дейінгі балалармен де тиімді жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар, олар  жас мамандарға бағыт-бағдар береді, тәжірибелерімен бөліседі»-деп нақтылады облыстық білім басқармасы.

Зейнетке шыққан соң педагогтар еліміздегі заңнамаға сәйкес келісімшартпен жұмыс істей алады. Еңбек шартын жыл сайын шектеусіз ұзартуға болады екен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 12 үйді су басты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x