Солтүстік Қазақстандағы Лобаново ауылында өрт болып, ТЖД қызметкерлері жеткенше тұрғын үй қора-қопсысымен бірге жанып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Айыртау ауданындағы Лобанова ауылында жеке тұрғын үй өртеніп жатқандағы туралы хабар 112 нөміріне кеше кешкі сағат алтылар шамасында келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде қызыл жалын шаруашылық нысандарға да таралып, 135 шаршы метр аумақ лапылдап жанып жатқан. Өрт болған үйде бір газ баллоны жарылған. Тағы екеуін құтқарушылар алып шықты.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрт 19:53-те оқшауланып, 21:08-де ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша өрт пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан шыққан», -деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда 42 жастағы әйелге көршісі пышақ сұғып алған