СҚО-да саңырауқұлақ фермасы салынады

Петропавлда EcoGlade ЖШС саңырауқұлақ фермасы ашылады. Жоба құны — 4,9 млрд теңге, оның 3,5 млрд теңгесін «Солтүстік» ӘКК АҚ қаржыландырып отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Солтүстік» ӘКК АҚ  өңірдегі үш инвестициялық жобаны қаржыландыратын болды. Ол – көкөніс  қоймасы, жарма зауыты және саңырауқұлақ фермасы. Бұлардың арасындағы ең ірісі – саңырауқұлақ фермасы. Саңырауқұлақтар мен саңырауқұлақ өнімдерін өндіру және өңдеу жөніндегі кешеннің қуаттылығы жылына 1,2 мың тоннаны құрамақ.

«Бұл Қазақстан нарығы көлемінің төрттен бірін құрайды. Жоба құны — 4,9 млрд теңге болса, оның 3,5 млрд  «Солтүстік» ӘКК АҚ арқылы алынған қаражат. Ал AGRO GRAIN SK ЖШС Петропавлда қуаттылығы сағатына 800 келіге дейінгі дәнді және дәнді-бұршақты ауыл шаруашылығы дақылдарын өндейтін кәсіпорын салады. Цех жасымық, жүгері, бұршақ, арпа және бидай жармаларын шығарады. Инвесторға «Солтүстік» ӘКК АҚ 64 млн теңге қарыз беріп отыр», — деп хабарлады «Солтүстік» ӘКК АҚ баспасөз хатшысы.

Корпорация Тайынша ауданындағы AMANAT шаруа қожалығына да қаржылай қолдау көрсеткен. Кәсіпкер  еділбай қойларын өсірмекші. Ол бес мың бас мал мен қажетті ауыл шаруашылығы техникасын және жемшөп дайындау жабдығын сатып алуға 500 млн теңге жеңілдетілген несие алды. Фермер жобаны іске асырса жылына 36 тоннаға дейін ет өндіруге қауқарлы болмақ.

Қызылжар ауданындағы «Агрос» шаруа қожалығы көкөніс қоймасын салу үшін 300 млн теңге қарыз алып отыр. Сақтау көлемі – 4,5 мың тонна. Қаражат көкөніс қоймасын салуға және қажетті технологиялық жабдықты сатып алуға жұмсалады.  

«Солтүстік» ӘКК кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықов барлық инвестициялық жобалар үшін қарыз беру шарттары бірдей дейді.

«Қарызды беру шарттары: несие сегіз жылға беріледі. негізгі борышты өтеуге 24 ай жеңілдікті кезең қарастырылған. Жылдық үстемеақысы 4%-ды құрайды. Кредиттік процесті және жобаларды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру бірнеше кезеңнен өтеді. Қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін қарыз алушының оны уақтылы және толық көлемде қайтару және сыйақы төлеу қабілеті бағаланады. Қарыз алушының міндеттемелерді уақтылы және толық орындауын қамтамасыз ету қарыз берудің міндетті шарты болып табылады. Конкурсқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне біліктілік талаптары қойылады, — деді Олжас Сағандықов.

Тағы оқыңыз: Танымал лотерея дүңгіршектері бүкіл Қазақстан бойынша жұмысын тоқтатты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x