СҚО-да бес жыл бойы салынып жатқан аурухананың қашан ашылатыны белгілі болды

СҚО-да 2019 жылдан бері салынып жатқан аурухананың қашан аяқталатыны белгілі болды. Нысанның құрылыс барысы туралы тілшілерге денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Өңірге іссапармен келген денсаулық сақтау министрі тілшілерге құрылысы бес жылға жуық жүріп жатқан облыстық аурухананың бүгінгі жағдайы туралы айтты. Министр құрылыс алаңында болып, түрік инвесторларымен тілдесіпті. Жыл соңына дейін мұнда монолиттік жұмыстар аяқталады екен.

«Жаңа аурухананың құрылысы ол — инвесторлық жоба. Денсаулық сақтау министрлігінен, бюджеттен қаржыландырылмайды. Бірақ жобаның жүзеге асырылуын бақылап отырамыз. Өзім құрылыс алаңында болдым. Аурухана жоспар бойынша 2025 жылдың соңы, 2026 жылдың басында қолданысқа беріледі»,- деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, Петропавлдағы жаңа аурухананың іргетасы 2019 жылдың соңында қаланған болатын. Кейін құрылыс жұмыстары тұралап, жобаны қолданысқа беру мерзімі шегерілген еді. Алғашында аурухана 2022 жылы ашылады деген болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да муковисцидоз ауруымен ауыратын балалар тиісті ем ала алмай жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x