СҚО-да 53 елікті атқан қылмыстық топқа сот үкім шығарды

Петропавл қалалық соты 53 елікті атқан төрт браконьерді соттады. Олар 2022 жылдың күзінен 2023 жылдың 27 ақпанына дейін қару-жарақ пен автокөлікті пайдаланып, Петропавлдың маңында заңсыз аң аулаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Броконьерлер 68 млн теңгеден астам шығын келтірген. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.Алайда айыпталушылар өз кінәләрін мойындамай, жазаны жеңілдетуді сұраған.

Петропавл қалалық сотының үкімімен броконьерлердің біреуі 11 жылға сотталды. Ол қылмыстық атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесіне орналастырылады. Қалған үшеуінің кішкентай балаларының барына байланысты жазасы жеңілдетіліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Сондай-ақ сотталғандар аңшылықпен айналысу құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:СҚО-да мемлекеттік органдар жер асты суларын заңсыз пайдаланып келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x