СҚО-да өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарып қалды

Солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілер Ақжар ауданында бас көтерген қызыл жалынның арасында қалған еліктің лағын аман алып қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құтқарушылар Ақжар ауданындағы өртпен күресіп жатқанда жалғыз өзі қалып қойған еліктің лағын көріп қалған. Айтуларына қарағанда, тұяқтыны алыстан көргенде тірі не жансыз жатқанын ажырату қиын болған. Әйтеуір, құлағының қозғалғанын көріп, мамандардың жүректері орнына түскен. Еліктің лағы көк түтіннен есеңгіреп қалған көрінеді.

«Дала жануары адасып қалып, қайда барарын білмегендей көрінді. Солай жата берсе, өліп қалуы да мүмкін еді. Оның үстіне, шаңды дауыл жақындап қалған, мұны лақ көтере алмайды. Біз дереу оны көлікке апарып, су ішкіздік. Бұл әрекеттерден кейін тіріліп, айғайлай бастады», — дейді Петропавл қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің маманы Дастан Әбілғазин.

Өрт сөндірушілер еліктің лағы есін жиып, бұрынғы қалпына келгеннен кейін қауіпсіз жерге жіберген. Алайда, төрт аяқты қызметкерлерге қайтадан жүгіріп келіпті.

«Бұл СҚО ТЖД мамандары құтқарып қалған алғашқы жануар емес. 26 ақпан күні құтқару тобы жараланған елікті тауып алып, қауіпсіз мекенге апарған болатын. Негізінен, біздің мамандар ит пен мысықтарды жиі аман алып қалады», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мүгедектігі бар адамдар үшін 308 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x