Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары биыл қаржы пирамидаларын жасаушыларға қатысты үш қылмыстық істі зерттеді. Бұл істерде 800-ден астам алданған салымшы тіркелген. Ал тартылған қаражат сомасы 100 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Үш істің біреуі сотқа жіберіліп, қазіргі уақытта қаралуда. Ведомствоның мәліметі бойынша, қылмыстық жолмен алынған мүлікті анықтау, оны тыйым салу және кейіннен мемлекет кірісіне тәркілеу бағытында жұмыс күшейтілген.

«Акцизделетін темекі өнімдерінің сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз айналымы фактісі бойынша үкім шығарылды. Тергеу барысында 35 000-нан астам қорап темекі тәркіленді. Үкім бойынша мемлекет кірісіне 50 миллион теңгеден астам сомаға екі автокөлік тәркіленді, олар кейіннен мемлекет кірісіне айналатын болады. Кінәлі адамдар бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деді СҚО ЭТД  басқармасының басшысы Қайрат Нұрахметов брифингте.

Бірінші тоқсанда Департаменттің іс жүргізуінде барлығы 47 іс болды. Оның 30-ы биыл тіркелген. 11 қылмыстық іс жүргізумен аяқталып, барлығы сотқа жіберілді.

«Аяқталған қылмыстық істер бойынша белгіленген залал сомасы 271 миллион теңгені құрады, өтемнің жалпы сомасы 46 миллион теңге болды, оның 19 миллион теңгесі ақшамен өтелді және 26 миллион теңгеге мүлікке тыйым салынды», — деді спикер.

Қазіргі уақытта іс жүргізуде 55 қылмыстық іс бар. Олар бойынша шамамен 600 миллион теңге сомаға тыйым салынған. Барлық дерлік сома банктерде сақтаулы.

Экономикалық қылмыстарға салық төлеуден жалтару, жалған шот-фактуралар жазып беру, заңсыз кәсіпкерлік, ақшалай қаражатты заңдастыру, субсидиялар алу саласындағы алаяқтық және басқа да құқық бұзушылықтар жатады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бес жол апатында адам шығыны болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *