СҚО-ға жолдарды жөндеуге Үкімет резервінен бес млрд теңге қаражат түсті

Тасқыннан кейін Солтүстік Қазақстандағы инфрақұрылымды жөндеу үшін Үкімет өз резервінен 5 млрд теңге ақша бөліпті. Оның жартысынан астамы Петропавлдағы Универсальная көшесіндегі жол өтпеліне жұмсалмақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Үкімет өз резервінен ақша бөлгені туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әкімдіктегі жиында айтты. Онда бюджет кірісінің өсуі жайында сөз қозғалды.  

Су тасқынынан кейінгі қалыптасқан жағдайға қарамастан, облыс бюджеті кірістерінің өсу қарқыны жарты жылда 11% — ға немесе 6 млрд теңгеге өсті. Алайда, аймақ басшысының айтуынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 13% — ға дейін арттыру қажет. Жалпы, Үкіметтің резервтік бюджетінен жолдарды жөндеуге өңір бес млрд теңгеден астам қаражат алды.  Бұл жолы Тайынша ауданы үшін үлкен сома қарастырылған екен.

«Инфрақұрылымды қалпына келтіруді ескере отырып, біз Үкімет резервінен Универсальная көшесіндегі жол өтпесін жөндеуге 2 млрд 900 млн теңге алдық. Бұл біз биылғы жылы мердігерді 81% пайызбен қаржыландырғанымызды көрсетеді. Бөлінген қаражатты игеру қажет. Алдағы күндері аталмыш нысандағы жұмысты бақылайтын боламыз»,- деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: Үш адам көз жұмған жол апатына жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x