Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Жерлесіміз Ризабек Айтмұхан Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта өнер көрсетті. Ол финалдық кездесуде әлем және Азия чемпионы, Бахрейннен келген спортшы Ахмед Тажудиновпен белдесті. Жерлесіміз 4:2 есебімен жеңіліп қалды. Жарыс барысында Ризабек алғашқы белдесуін Қырғызстан өкілі Андрей Ароновпен өткізді. Оны 6:0 есебімен ұтқан еді. Ал ширек финалда өзбекстандық балуан Махсуд Вейсаловты жеңді. Финалдық бәсекеге жолдаманы үндістандық балуан Вики Викиді 13:0 есебімен ұтып, жеңіп алды.

Жалпы Олимпиадалық салмақтағы қазақстандық балуандар Осетияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Олардың ішінде еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да болды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы эвакуациялық пункттердің бірі көшірілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x