Петропавлдағы эвакуациялық пункттердің бірі көшірілді

Петропавлдың Заречный кентіндегі № 13 мектепті су басу қаупі бар. Сондықтан білім ордасында орналасқан эвакуациялық пункт  басқа жерге көшірілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тасқын су Петропавлға мамандар болжағаннан сәл ерте жетіп, Заречный кентіне қауіп төндіруде. Сондықтан сәуірдің 10-нан бастап аудан тұрғындарын толығымен эвакуациялау жүргізілген болатын.

Петропавлдағы эвакуациялық пункттердің бірі көшірілді

«Заречный кентінің аумағында 2 көше бар – Бірінші Заречная және Екінші Заречная. Барлығы 239 жеке тұрғын үй және 6 көппәтерлі баспана (5 үй 3 қабатты, 1 үй 2 қабатты). Мұнда 913 адам тұрады. Оның 177-сі бала, 46-сы мүгедек, 33-і жалғызбасты, 340-ы зейнеткер. Заречныйдың тағы 39 тұрғыны 80 жастан асқан», – деп хабарлады Петропавл қаласының жедел штабы.

Заречный ауылының 910 тұрғыны эвакуацияланды. Үш азамат үйлерін тастап кетуден бас тартқан. Айта кетейік, осыған дейін 50-ге жуық адамның баспаналарын тастап кеткісі келмейтіні туралы айтылған болатын.

Петропавлдағы эвакуациялық пункттердің бірі көшірілді

«35 адам № 2 орта мектептің эвакуациялау пунктіне. 25 тұрғын № 4 орта мектептің эвакуациялау пунктіне орналастырылды. Оның ішінде екі бала бар. Бес адам № 14 орта мектепке жіберілді», – деді Петропавл қаласының жедел штабы.

Айта кетейік, бұрындары Заречный кентіндегі № 13 мектепте эвакуациялық пункт болатын. Ал биыл тасқын су оны да басып қалуы мүмкін. Сондықтан аталмыш нысан № 2 орта мектепке көшірілді.

Эвакуациялық пунктке хабарласқан тұрғындарға иттері мен мысықтарын облыс орталығының аумағында орналасқан баспаналарға орналастыруға, жеке заттарын жинауға және тасымалдауға көмек көрсетілді.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданының еріктілері Боголюбово ауылына көмекке келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x