ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Енді Премьер-министрдің міндеттерін уақытша Роман Скляр атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін тарату туралы жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес, ҚР үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын», — делінген Президенттің жарлығында.
Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді. Ал үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін министрлер өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Осы ретте айта кетейік, 7-ші ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да құрылыс компаниялары жергілікті газ блоктар мен қоспаларды пайдаланады