Петропавлдық өз баласын бесінші қабаттан лақтырып жібермек болды

Петропавл тұрғыны өзінің бір жасқа да толмаған баласын бесінші қабаттан лақтырып жібермек болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Маяковский көшесі, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың бесінші қабатындағы бөлмелердің бірінде болған.

23 жастағы жігіт әйелімен жанжалдасып, әлі бір жасқа да толмаған сәбиін терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан.

«Тәртіп сақшылары келгенде ер адам бөлмені іштен құлыптап алып ешкімді кіргізбеген. Содан құтқару операциясы басталды. ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы бөлмеге енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді», — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның мас күйде болғандығы анықталды. Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. 2023 жылы туған қыз бала дін аман. Нәресте бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Еңбек жолы-2023»өңірлік конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x