Петропавлдық кәсіпкер өзі оқыған мектептің үздік оқушыларына 20 мың теңге шәкіртақы төлейді

Петропавл қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектептің үздік оқушылары ай сайын шәкіртақы алып келеді. Төленетін стипендия сомасы балалардың жас ерекшелігіне  байланысты 3 мыңнан  20 мың теңгеге дейін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

 Қазір білім ордасындағы 927 оқушының 102-сі оқу озаты. Оларға жергілікті кәсіпкер шәкіртақы төлеп отыр.  Меценат  бұл бастаманы 2017 жылы қолға алып, үзбей жалғастырып келеді. Мектеп басшылығының айтуынша, бүгінгі таңда қаржылай қолдаудың нәтижелері де бар. Балалар сабаққа ден қойып, үнемі жоғары көрсеткіштерге тырысып келеді. Айталық өткен оқу жылдың қорытындысы бойынша  49 адам халықаралық, ал 56 оқушы республикалық олимпиадалар мен байқауларда жүлдегер атанды.

Тағы оқыңыз: Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x