Бүгін 12 сәуірде «Қызылжар су» ЖШС сорғы станциясында электр қуатының сөнуіне байланысты қалада су беру тоқтатылған болатын. Қазір «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ күшімен электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.
Петропавл қаласының барлық тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 50 су тасушы көлік жұмыс істейтін болады. Мамандар облыс орталығына бүгін су беріледі деп отыр.
«Қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы 4 сағаттың ішінде қалаға су беріледі. Кейбір үйлерге су беріле бастады», — деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибуллин.
Тағы оқыңыз:Коттедждер мен таунхаустар суда тұр: Тепличный ауылына су кірді