Облыс орталығының дизайн-кодын дайындау үшін 81 млн теңге бағытталады. Бұл жайында қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, ҚазАқпарат халықаралық агенттігіне сілтеме жасап.

«Сәуірдің 19-ы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңеске қатыстым. Отырыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың сыртқы кейпіне тоқталды. Петропавл кішігірім, өзіне тән жылы атмосферасы, тарихы мен құндылықтары бар қала. Алайда, жаңа нысандардың құрылысы мен абаттандыруды жөнді жүргізбесек, осы ерекшеліктен айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан, биыл біз қаламыздың дизайн-кодын әзірлейміз. Мұндай құжат еліміздің көптеген қалаларында қолданылып келеді», — деп жазды Петропавл әкімі.

Руслан Аңбаевтың айтуынша, дизайн-код қаланың сәулеттік келбеті мен эстетикалық көрінісін жетілдіру жөніндегі ережелер мен ұсынымдардың жиынтығы болады. Бұл алдағы уақытта бой көтеретін нысандардың сыртқы келбеті өзара үйлесімді болуы, яғни қаланың ортақ келбетімен үндестік табуы үшін қажет.

«Дизайн-кодты әзірлеу үшін бюджеттен 81 млн теңге қарастырып отырмыз. Бұл соманы қалалық мәслихат сессиясында депутаттар қолдап, бекітті. Енді конкурс жариялап, іске кірісеміз. Дизайн-кодты әзірлеуге тұрғындардың да белсене атсалыса алатынын атап өткім келеді. Қала келбетін ретке келтіру бойынша ұсыныстарды тұрғындардан қабылдайтын боламыз. Облыс орталығын одан әрі құлпырту үшін бірге аянбай еңбек етейік!», — деді Руслан Аңбаев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сәуірдің 25-і жылыту маусымы аяқталады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x