Петропавлда өткен форум аясында қала әкімі құрылыс компанияларымен 60 млрд теңгеге меморандум жасасты

Бүгін Петропавлда өткен Qyzyljar Investment Forum – 2024 халықаралық форумы аясында жалпы құны 128 млрд теңгені құрайтын  14 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі

Меморандум аясында өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Оның үшеуі Петропавл қаласында іске асырылады деп жоспарланып отыр. Форум барысында шаһар басшысы Серік Мұхамедиев «Е Д А холдингі» компаниясы мамандарымен келісімге келді.  Сөйтіп, алдағы уақытта қалада құны 27 млрд теңге болатын  тұрғын үй кешені мен апартаменттік қонақ үй салынбақ.

Бұдан бөлек, қала әкімі «Строй Элит Дом» компаниясының басқарушы директоры Төлепберген Қойшыбаевпен де меморандум жасасты. Бұл жоба бойынша Петропавлда көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтермек. Инвестиция құны – 29 млрд теңге.

Серік Мұхамедиев қол қойған үшінші меморандум «Стройкомпания» ЖШС-мен болды. Бұл жоба өңірге 4 млрд теңге инвестиция әкеледі.

Тағы оқыңыз:Петропавлда халықаралық инвестициялық-құрылыс форумы өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x