Петропавлда жылу бағасы тағы өсуі мүмкін. «Севказэнерго» АҚ жылу энергиясын өндіру тарифін 6,5%-ға арттыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне «Севказэнерго» АҚ-нан 2024 жылға жылу энергиясын өндіру тарифін өзгерту туралы өтініш түсті. Монополист компания көмірді сатып алу құнының өсуін алға тартып отыр. Сондай-ақ олар тариф көтерілсе жұмысшылардың еңбекақысын да арттырмақ.
«Субъектінің ұсынылған жобасы ҚҚС-сыз 4323,56 теңге/Гкал құрады немесе 2023 жылға бекітілген тарифпен (3344,51) салыстырғанда 29,3%-ға және 2024 жылғы қолданыстағы тарифпен (4059,9 теңге/Гкал) салыстырғанда 6,5%-ға өзгереді. Қазіргі уақытта өтініш департаментте қаралуда», — деп мәлімдеді табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 2024 жылдың алғашқы 8 күнінде 13 адам қызылша жұқтырған