Петропавлда жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды

Петропавл қаласының прокурорлары жер заңнамасын бұзудың фактілерін анықтады. Нәтижесінде, мемлекетке жалпы құны 172 миллион теңге болатын 6,8 га жер қайтарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Петропавл қаласының прокурорлары жер заңнамасының сақталуын қадағалау үшін жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексерген. Нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

«Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін беру кезінде уәкілетті органдар қолданыстағы ережелерді елемей, пайдалану үшін беруге жатпайтын ауданы 0,0150 га жер учаскесінің бір бөлігін заңсыз берді. Мәселен, Петропавл қаласы прокурорының актісі бойынша аукционнан тыс берілген жалпы құны 172 миллион теңге болатын 6,8 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы 69 жер пайдаланушысы жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары бойынша сомаларды төлеу жөніндегі шарттық және салық міндеттемелерін орындамаған. Аталған фактілер бойынша мемлекетке 119 млн теңге өндіріліп алынды.

Тағы оқыңыз: Көлік салығын төлемеген адамдардың банктегі есепшоты бұғатталмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x