МИБ туралы заңнамаға өзгеріс енгізерде халықпен ақылдасу керек – Мәулен Әшімбаев

Үстіміздегі жылы мүлік иелері бірлестігі туралы заңнама қайта қаралады. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзгеріс енгізерде халықпен, қоғам белсенділерімен ақылдасу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл МИБ туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілмек. Мәулен Әшімбаев жүйенің тиісті деңгейде жұмыс істемей тұрғанын көріп жүргендерін атап өтті. Үй иелеренің арасында келіспеушіліктердің де орын алып жатқаны жасырын емес.

«Біз мұны жиі естиміз. Мүлік иелері бірлестігіне басшылыққа келгендер арасында да өз қызметін адал атқармайтындар кездеседі. Сондықтан бұл сала бойынша ел Президентінің тапсырмасы бар. Менің ойымша, алдағы кезеңде біз жалпы мүлік иелері бірлестігі туралы заң жобасына қайта ораламыз. Осы орайда кейбір мәселеге қатысты өзгертулер болуы мүмкін. Атап айтқанда, өзгеріс енгізетін қадамдарды халықпен, тұрғындармен, қоғам белсенділерімен ақылдасу керек. Сондықтан тиімді болатындай тұрғын үйлерді басқарудың қандай да бір түрін қабылдау керек», – деді Әшімбаев.

Азаматтар тарапынан келіп түскен ұсыныстар осы жыл ішінде қарастырылады. ҚР Парламенті Сенатының төрағасының сөзінше, биылдың соңына дейін заң қабылдануы керек.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x