Петропавлда Республика күні қарсаңында салтанатты түрде ашылған жаңа емхана әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа емхананың ашылуын қарапайым халық ұзақ күтті. Бірақ бір жұма бұрын қолданысқа берілген нысан, әлі пациенттерін қабылдай алмай отыр. Өңірдің бас дәрігері бар гәп интернетте деп отыр.

«Нысан толық тапсырылған. Жаңа нысан болғасын құрал-жабдықтарды қосып, тексеру керекпіз. Бүгіндері медициналық мекемеге дәрігерлер барып орналасып жатыр. Қазір интернет жылдамдығы бойынша мәселе туындап отыр. «Қазақтелеком» мұнымен айналысуда. Интернет жылдамдығы дұрысталса, емхана жұмысын бастайтын болады. Осы аптада ол жұмыстар аяқталуы керек», — дейді Құмар Күсемісов.

Тағы оқыңыз: «Қуаныш» волейбол клубы ҚР кубогын жеңіп алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x