«Қуаныш» волейбол клубы ҚР кубогын жеңіп алды

«Қуаныш» волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы кубогының чемпионы атанды. Бүгін қыздарымыз туған жеріне оралып, жарыстан алған әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Талдықорған қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы мәресіне жетті.Финалда Азамат Есімов жаттықтыратын «Қуаныш» (СҚО) пен командасы тізгінін Рафаэль Гилязутдинов ұстайтын «Алматы»кездесті.
«Қуаныштың» қарсыласынан бір бас жоғары екені көрініп тұрды. Тек үшінші партияда қарсыласқа аздап мүмкіндік бергені болмаса, айқын басымдықпен жеңді. 
Қорытынды есеп – 3:1 (25:15, 25:8, 26:28, 25:13). 
 Валерий Шиндов баптайтын талдықорғандық «Жетісу» клубы үздік үштікке ілікті. Олар түркістандық «Тұранды» (бас жаттықтырушы Асқар Шалқыбеков) 3:0 (25:11, 25:23, 25:23) есебімен жеңді. 
 Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы «Алтай» бұл жолы есе жіберді.

Қазанның 23-і мен 31-і аралығында Талдықорған қаласында қыздар арасында волейболдан Қазақстан кубогы өтті. 8 команда қатысқан сайыста, солтүстіктің арулары оза шапты.

«Қуаныш» волейбол клубы ҚР кубогын жеңіп алды

«Біз осы жеңіске ұзақ дайындалдық. 14 жыл бойы көздегеніміз осы болатын. Бұл жүлде біз үшін ғана емес, облыс үшін де үлкен қуаныш. Ойын әрине, оңайға соқпағаны белгілі. Қарсылас команадалар кіл мықтылардан жиналған. Жартылай финалда «Жетісу» командасын жеңгеннен кейін, өз өзімізге әбден сенімді болдық. Сол қуанышымыз бойымызға күш-қайрат беріп, финалға шықтық», – дейді «Қуаныш» волейбол клубының мүшесі Сабира Бекішова.

Шешуші кезеңде «Қуаныш» волейбол клубының қыздары алматылық арулармен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін үйге оралған оларды әуежайдан жанкүйерлері, әріптестері мен жақындары қарсы алып, құттықтады.

«Қуаныш» волейбол клубы ҚР кубогын жеңіп алды

«Бұл өңіріміз үшін көптен күткен, волейбол тарихындағы алғашқы жеңіс. «Қуаныш» командасы бұл жүлдеге әбден лайық. Мұның бәрі құраманың  тынымсыз еңбегі мен қайсарлығының арқасы», – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Тағы оқыңыз:Петропавлдағы жаңа көпсалалы аурухана қашан қолданысқа беріледі?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x