Петропавлда ювеналды полиция балаларды құқықтық нормативтік актілермен таныстырды

Елімізде жыл сайын қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың саны артып келеді. Сондықтан өңірдің жастар бастамалары бөлімінің мамандары жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясындағы кездесуге білім ордасының 7-8 сыныбында оқитын 150-ге тарта оқушысы қатысты. Ювеналды полиция бөлімшесінің маманы балаларды құқықтық нормативтік актілермен таныстырды. Оқушылар «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа жол бермейміз!» атты презентацияны тамашалады. Сондай-ақ, жадынамалар таратылып, қоғамдағы тәртіптің маңызы айқындалды. Алда мамандар тек қалада ғана емес, алыс-жақындағы аудандарға барып ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ.

« Біздің мақсатымыз, оқушылар арасындағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықты барынша болдырмау. Сондықтан оқушыларды кейбір құқықтық нормативтік актілерімен таныстырдық. Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодекісінің сегіз түрлі бабымен таныстырып оларды талдап өттік»,-деді қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімінің маманы Гүлбақыт Байбусинова.

Тағы оқыңыз:СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 1,7 есе өскен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x