Петропавлда соңғы екі күнде 180 адам жарақат бөліміне жүгінген

Соңғы екі күнде жауған қар аралас жаңбырдан Петропавл көшелері көктайғаққа  айналды. Салдарынан жарақат бөліміне 180 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауа-райының қолайсыздығы петропавлдықтарды әбден әбігерге түсірді. Көшедегі көлік қозғалысы да қиындап, мұзға тайып-жығылғандардың да саны артқан. Мамандардың сөзінше, соңғы үш күнде медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінгендер саны көбейіпті.

«Жарақат бөліміне жүгінгендердің 63-і көшеде құлап қалған. Көбісі егде жастағы адамдар. Науқастардың көбі иығын шығарып, қол-аяғын сындырған. Екі азамат бүгінде ауруханаға жатқазылды. Олар енді осында ем қабылдайтын болады», – дейді көпбейінді қалалық аурухана жарақат бөлімінің меңгерушісі Валерий Грибашов.

Тағы оқыңыз:Петропавлда сепаратистерге қатысты сот отырысы басталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x