Петропавлда сепаратистерге қатысты сот отырысы басталды

Петропавлда өздерін халықтық жұмысшылар кеңесін құрушылармыз деп жариялағандарға қатысты сот процесі басталды. Олар сепаратизм үшін айыпталуда, деп жазады Qazaqstan Media.

Естеріңізге сала кетейік, ел ішінде шу шығарған оқиға осы жылдың наурыз айында болған еді. Сол кезде Солтүстік Қазақстан университетінің коллежінде өздерін КСРО мұрагерлері ретінде көрсеткен Петропавлдың 19 тұрғыны жиналыс өткізіп, онда Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл еңбекшілерінің халық кеңесін құру туралы мәлімдеді.

Жиналыс барысында олар Қазақстан мемлекетін мойындамайтыны және оның тәуелсіздігін жоққа шығаратыны туралы Декларацияға қол қойған.

Жиынның видеолары әлеуметтік желілерде таралып, көпшілік ішінде наразылық тудырды. Оларды сепаратизм үшін жауапкершілікке тартуды талап етті.

30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тағы оқыңыз: Оқушыларға қаржылық сауаттылық үйретіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x