Соңғы екі күнде жауған қар аралас жаңбырдан Петропавл көшелері көктайғаққа айналды. Салдарынан жарақат бөліміне 180 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ауа-райының қолайсыздығы петропавлдықтарды әбден әбігерге түсірді. Көшедегі көлік қозғалысы да қиындап, мұзға тайып-жығылғандардың да саны артқан. Мамандардың сөзінше, соңғы үш күнде медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінгендер саны көбейіпті.
«Жарақат бөліміне жүгінгендердің 63-і көшеде құлап қалған. Көбісі егде жастағы адамдар. Науқастардың көбі иығын шығарып, қол-аяғын сындырған. Екі азамат бүгінде ауруханаға жатқазылды. Олар енді осында ем қабылдайтын болады», — дейді көпбейінді қалалық аурухана жарақат бөлімінің меңгерушісі Валерий Грибашов.
Тағы оқыңыз:Петропавлда сепаратистерге қатысты сот отырысы басталды