Петропавлда ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрса да, қоғамдық көлік басқарып, жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл жайында облыстық прокуратура өкілдері хабарлады. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында өзге де құқық бұзшылықтардың бар екені айтылды. Айталық, өңірде медициналық қарсы көрсетілімдері бар 138 жүргізуші анықталған. Алдағы уақытта оларға көлік басқаруға тыйым салынбақ.
«Мысалы, облыс орталығында қоғамдық көлік жүргізушісі 2023 жылдың 2 мамырынан бастап психикалық денсаулық орталығында есепте тұрып, автобусты басқарды, осылайша қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген», – деді құзырлы орган мамандары.
Сонымен қатар, мамандар жол-көлік оқиғалараның артқанын айтуда. Ол — 17,5% өскен. Сәйкесінше, зардап шеккендер қатары 16,8% көбейген.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Жаңаберген Қармандаевты еске алу турнирі өтіп жатыр