Петропавлда пәтерді жалға алу құны 1 айда 10%-ға өскен. Мұндай жағдай еліміздің өзге қалаларында да тіркеліп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап барады. 27 маусым мен 26 шілде аралығында баспананы жалға алу 4,2%-ға өскен. Мұндай жағдай еліміздегі 13 қаланың 11-інде тіркелген. Көш басында Петропавл мен Қостанай тұр. Оларда пәтерді жалға алу құны 10%-ға өскен. Алматы мен Шымкентте – 7%, Ақтауда – 5%, Ақтөбеде – 4%, Астана, Қарағанды, Оралда – 3%, Павлодар мен Көкшетауда – 2%-ға көтерілген. Ал, Атырауда баға өзгермеген.
Тағы оқыңыз: Сөрені отандық тауарлармен толтыру керек – Райымбек Баталов